«Балауса» бөбекжай-балабақшасының педагогтары Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Серіктес мектептер синергиясы: сапалы білімге жаңа модель» атты облыстық семинар-практикумға белсене қатысты.
Облыстық деңгейдегі кездесуде біздің мамандарымыз өздерінің үздік әдістемелері мен тың жобаларын ортаға салды:
Тобылова Айгерім Уразгалиевна
Алчурина Кәмшат Мұхамбетиярқызы— өзінің көпжылдық іс-тәжірибесімен бөлісіп, заманауи педагогикалық тәсілдерді көрсетті.
Байдуашева Гүлзия Жұмақұловна — авторлық жобасын таныстырып, оны тәрбие процесіне енгізудің тиімді жолдарын дәлелдеді.










